Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
Басты бет

Емтихан қызметі басқармасы

Емтихан қызметі басқармасы

Емтихан қызметі жөніндегі басқармасы «Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма авиация персоналының куәліктерін, біліктілік және арнайы белгілерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ шетелдік куәліктерді тану мақсатында емтихан қызметіне басшылық жасауды, оны жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Басқарманың қызметі авиация персоналының кәсіби құзыреттілігін бағалаудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге, емтихан қызметінің рәсімдерін жетілдіруге, сондай-ақ белгіленген талаптарға, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Миссия:

Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындаудың объективті және тиімді жүйесін қамтамасыз ету, бұл жүйе бірыңғай талаптарға, емтихан алушылар мен бағалаушылардың кәсіби құзыреттілігіне, сондай-ақ ИКАО-ның халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасына негізделеді.

Басқарманың миссиясы емтихан қызметі жүйесін дамыту және жетілдіру, емтихан алушылар мен бағалаушыларды даярлау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ кандидаттардың құзыреттілігін бағалау тәсілдерін тұрақты түрде жетілдіру арқылы іске асырылады.

Болашаққа бағдар:

Қазақстан Республикасының авиация персоналының кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін және ИКАО-ның халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес келетін заманауи, объективті және бірыңғай емтихан қызметі жүйесі.

Басқарма біліктілікті бағалау жүйесін тұрақты түрде жетілдіруге, емтихан алушылар мен бағалаушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, емтихан материалдары мен рәсімдерін жетілдіруге, сондай-ақ емтихан қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады.

Негізгі міндеттері:

Емтихан алушылар мен бағалаушылардың қызметін бақылау
Тағайындалған емтихан алушылар мен бағалаушылардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың және тағайындауға ұсынылатын кандидаттардың құзыреттілік деңгейін бағалау.

Емтихан қызметін ұйымдастыру
Авиация персоналының куәліктерін, біліктілік және арнайы белгілерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ шетелдік куәліктерді тану мақсатында емтихандарды басқару, жоспарлау және ұйымдастыру.

Рәсімдер мен нұсқаулықтарды жетілдіру
Емтихан алушылар мен бағалаушыларға арналған нұсқаулықтар мен рәсімдерді, сондай-ақ қажет болған жағдайда әдістемелік құралдарды әзірлеу.

Емтихан алушыларды даярлау жүйесін дамыту
Емтихан алушылар мен бағалаушыларды даярлау жүйесін жетілдіру және емтихан қызметінің сапасын арттыру.

Біліктілікті бағалау жүйесін дамыту
Авиация персоналы куәліктерінің барлық санаттарын, біліктілік және арнайы белгілерін алуға кандидаттардың біліктілік деңгейін айқындау жүйесін ұйымдастыру, қолдау және жетілдіру.

Емтихан материалдары
Теориялық емтихандар бойынша тест сұрақтарының қорын әзірлеу және тағайындалған емтихан алушылар әзірлеген тест тапсырмаларын келісу.

Халықаралық талаптарға сәйкестік
Нормативтік құжаттардың ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігіне мониторинг жүргізу және емтихан қызметі мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Қадағалау және тұрақты жетілдіру
Басқарманың құзыреті шегінде Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету бағдарламасын (SOP) іске асыруға, ұшу қауіпсіздігін бақылауға, түзету іс-шаралары мен инспекторлық нұсқамалардың орындалуын мониторингілеуге қатысу.

Бізге хабарласыңыз: examiners@caa.gov.kz