Авиациялық оқу орталықтары
Авиациялық персоналды кәсіптік даярлау: АОО сертификаттау, тізілімдер, шетелдік оқу орталықтары және өтініш берушілерге арналған нормативтік ақпарат.
АОО бойынша сұрақтар: ATO@caa.gov.kzНегізгі бөлімдер
Ақпарат міндеттер бойынша бөлінген: сертификаттау, тізілімдер, шетелдік АОО, кәсіптік даярлау және нормативтік талаптар.
Сертификатты алу және қолданылу саласын кеңейту
Алдын ала даярлық пен құжаттарды келісуден бастап сертификаттық тексеруге және қорытынды шешімге дейін.
Ресми өтініш бергенге дейін
Дайындық кезеңі негізгі құжаттар, персонал және мәлімделетін даярлау саласы ресми рәсімге дайын болуы үшін қажет.
ҚАӘ-мен алдын ала келісіңіз
- АОО нұсқаушы персоналы;
- персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулық;
- сапа жөніндегі нұсқаулық;
- кәсіптік даярлау бағдарламалары;
- ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулық — қолданылатын болса.
Ресми өтініш беру үшін дайындаңыз
- сертификаттауды жүргізуге арналған өтініш;
- құрылтай құжаттарының электрондық көшірмелері;
- персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулық;
- сапа жөніндегі нұсқаулық;
- ҰҚБЖ жөніндегі нұсқаулық — қажет болған жағдайда;
- штат кестесі;
- оқу процесін қамтамасыз ететін шарттар — болған жағдайда;
- қаржылық-экономикалық жағдай туралы мәліметтер;
- мемлекеттік қызмет үшін төлемді растайтын мәліметтер.
Сертификаттау тәртібі
Толық мәліметті ашу үшін кезеңді басыңыз.
Өтініш берушіге № 115 Қағидаларымен және № 158 сертификаттау талаптарымен алдын ала танысып, жоспарланған кәсіптік даярлау бағдарламаларын, ұйымдық құрылымды, персоналды және материалдық-техникалық базаны айқындау ұсынылады.
Алдын ала кездесуде мыналар талқыланады
- заңды мәртебе және ұйымдық құрылым;
- жоспарланған кәсіптік даярлау бағдарламалары;
- АОО персоналы және нұсқаушылардың біліктілігі;
- материалдық-техникалық база және ұшу даярлығы кезінде әуе кемелері;
- нұсқаулықтардың, сапа жүйесінің және ҰҚБЖ-ның дайындығы — қажет болған жағдайда.
Мерзім
- АОО нұсқаушы және емтихан қабылдаушы персоналы — 10 жұмыс күні;
- персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулық — 60 жұмыс күні;
- кәсіптік даярлау бағдарламасы — 60 жұмыс күні.
Өтініш беру
- eGov.kz порталы арқылы белгіленген нысан бойынша;
- ЭЦҚ пайдалана отырып;
- нұсқаулықтар мен бағдарламалар үшін — тиісті нұсқаулықтың және (немесе) бағдарламаның электрондық көшірмесін қоса бере отырып;
- персоналды келісу үшін — белгіленген талаптарға сәйкес АОО нұсқаушы және емтихан қабылдаушы персоналы жөніндегі құжаттармен.
Өтініш портал арқылы электрондық нысанда беріледі. Сертификаттау және сертификаттың қолданылу саласын кеңейту белгіленген төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.
- 2 жұмыс күні — құжаттар топтамасының толықтығын тексеру;
- 5 жұмыс күні — құжаттардың талаптарға сәйкестігін бағалау;
- құжаттар топтамасы толық болмаған немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар болған жағдайда өтініш берушіге портал арқылы хабарлама жіберіледі.
- комиссияны ҚАӘ құжаттарды оң бағалағаннан кейін құрады;
- өтініш беруші тексерудің басталуы туралы алдын ала хабардар етіледі;
- АОО құжаттамасы мен құрылымы, персонал, оқу-әдістемелік жұмыс, сапа жүйесі, ҰҚБЖ — қолданылатын болса және материалдық-техникалық база тексеріледі;
- тексеру актісі қол қойылғаннан кейін белгіленген мерзімде өтініш берушіге жіберіледі.
Оң нәтиже болған жағдайда авиациялық оқу орталығының сертификаты беріледі. Сертификаттың қолданылу мерзімі — 2 жыл. Қолданылу саласын кеңейткен кезде қолданыстағы сертификаттың мерзімі өзгермейді.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда
Жіктеу анықталған сәйкессіздіктің қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне әсеріне байланысты.
1-деңгей
Қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Сертификат беруден бас тартылады; қолданыстағы сертификатқа қатысты Қағидаларда көзделген шаралар қолданылады.
2-деңгей
Сәйкессіздік жойылған немесе келісілген шектеулер енгізілген жағдайда қызметке кедергі келтірмейді. Түзету іс-қимылдарының жоспары талап етіледі.
3-деңгей
Қызметке кедергі келтірмейді және жұмысты жетілдіру барысында жойылады; жеке түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.
Түзету іс-қимылдары жоспарын ұсыну мерзімдері мен тәртібін № 115 бұйрықтың қолданыстағы редакциясы және мемлекеттік қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі бойынша тексеру қажет.
Қолданыстағы АОО үшін басқа қызметтер
Қолданылу саласын кеңейту
Жеке мемлекеттік қызмет ретінде көрсетіледі. Қолданылу саласын кеңейткен кезде қолданыстағы сертификаттың мерзімі ұзартылмайды.
Персоналды және өзгерістерді келісу
Бастапқы нұсқаулық материалда нұсқаушы және емтихан қабылдаушы персоналды келісу, сондай-ақ сертификаттың қолданылу саласын өзгертпейтін өзгерістер жеке көзделген.
АОО, FSTD және тестілеуші ұйымдардың өзекті тізілімдері
Оқу орталығының мәртебесін, танылған сертификаттың қолданылу саласын, тренажер құрылғыларын және келісілген тестілеуші ұйымдарды тексеруге арналған жеке бөлім.
Қазақстан Республикасының сертификатталған АОО тізілімі
Азаматтық авиацияның авиациялық персоналын кәсіптік даярлау үшін сертификатталған авиациялық оқу орталықтары.
Тізілімді ашу →Танылған шетелдік АОО тізілімі
Танылған сертификаттың қолданылу саласы шегінде атауын, сертификат нөмірін, бағдарламаларды және даярлау түрлерін тексеріңіз.
PDF тізілімін ашу →Келісілген тестілеуші ұйымдардың тізімі
Радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындау үшін келісілген ұйымдар.
PDF тізімін ашу →Ұшу имитациясының тренажер құрылғыларының (FSTD) тізілімі
Қазақстан Республикасында сертификатталған ұшу имитациясының тренажер құрылғылары.
PDF тізілімін ашу →Ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындау үшін келісілген тестілеуші ұйымдардың өзекті тізімін пайдаланыңыз.
Шетелдік авиациялық оқу орталықтарын пайдалану және тану
Персоналды даярлауға жіберер алдында АОО-ның танылуын және таңдалған бағдарламаның танылған сертификаттың қолданылу саласына сәйкестігін тексеру қажет.
Нені тексеру қажет
Танудың болуы
Шетелдік АОО оның сертификатын ҚАӘ белгіленген тәртіппен танығаннан кейін авиациялық персоналды даярлауға жіберіледі.
Деректердің сәйкестігі
Оқу орталығының атауы мен сертификат нөмірі Тізілімде жарияланған деректермен сәйкес келуге тиіс.
Қолданылу саласы
Даярлау тек Тізілімде және танылған сертификаттың қолданылу саласында көрсетілген бағдарламалар мен даярлау түрлері бойынша жүргізіледі.
Тануға өтініш бергенге дейін
Лицензиялау департаменті шетелдік АОО кәсіптік даярлау бағдарламасына Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан алдын ала талдау жүргізуді ұсынады.
Тану нәтижесі
Танылғаннан кейін шетелдік АОО тек танылған қолданылу саласы және жарияланған Тізілімге енгізілген даярлау бағдарламалары шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
Авиациялық персоналды даярлау
Азаматтық авиациядағы кәсіптік даярлау алғашқы даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейді қолдауды қамтиды.
Алғашқы даярлау
Авиациялық персоналдың тиісті санатының кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша авиациялық оқу орталықтарында жүзеге асырылады.
Қайта даярлау
Авиациялық оқу орталықтарында жүзеге асырылады және қызмет түрі, техника түрі немесе біліктілік өзгерген кезде қажетті білім мен дағдыларды алуды қамтамасыз етеді.
Кәсіптік деңгейді қолдау
Қолданылатын бағдарламаларға сәйкес авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) азаматтық авиация ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.
Үлгілік бағдарламалар
Қағидаттар, іске асыру тәртібі, кезеңдер және даярлаудың ең төменгі көлемдері ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиациялық персоналды кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларымен айқындалады.
Тренажерлік және тілдік даярлау
FSTD пайдалану және ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау кезінде сертификатталған тренажерлер мен келісілген тестілеуші ұйымдардың өзекті тізілімдерін тексеру қажет.