Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға жүк және жолаушылар рейстерін іске қосады
12/07/2026
Cathay Airlines (Гонконг) әуе компаниясының Таяу Шығыс бойынша аймақтық менеджері Оливье Коэльо Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиевамен кездесуде әуе компаниясының Астанаға тұрақты жүк рейстерін ашу жоспарларымен бөлісті.