Кіру

Басты бет
Экскурсиялық ұшуға қалай қауіпсіз баруға болады: Азаматтық авиация комитетінің кеңестері

28/04/2026

Әлеуметтік желілерде шолу (экскурсиялық) ұшуларды жарнамалау көлемінің артуына байланысты Азаматтық авиация комитеті мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жолаушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін еске салады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерімен, сондай-ақ аэростаттармен орындалатын шолу (экскурсиялық) ұшулар бойынша жарнамалық ұсыныстар санының көбеюіне байланысты Азаматтық авиация комитеті мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ұшуға дейін келесі құжаттардың бар екеніне көз жеткізу ұсынылады:

  • Рұқсат құжаттары — белгіленген тәртіппен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ берген жарамды пайдаланушы сертификаты және пайдалану ерекшеліктері;

  • Ұшу жарамдылығы — әуе кемесінің жарамды ұшу жарамдылығы сертификаты;

  • Экипаж біліктілігі — пилоттың тиісті санаттағы және біліктіліктегі жарамды куәлігінің болуы;

  • Сақтандыру — жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартының болуы.

ААК және КГА жолаушыларға ұшар алдындағы нұсқама өткізудің міндетті екенін атап өтеді. Сондай-ақ қолайсыз метеорологиялық жағдайларда (қатты жел, төмен бұлттылық, жауын-шашын) ұшуды жүзеге асыру ұсынылмайды.

Аталған талаптарды сақтау тәуекелдерді азайтып, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

inform.kz