Қазақстан Таяу Шығыстағы алты елдің маңында ұшуға толық тыйым салды.
28/02/2026
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігінің үстінен және оған жақын аймақтарда ұшуға толық тыйым салды. Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігінің тілшісі.
— Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайға және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген қауіп деңгейінің жоғары болуына байланысты Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігінің үстінен, шегінде және оған жақын аймақтарда ұшуларды арнайы нұсқауға дейін толық тоқтату туралы шешім қабылдады, — делінген хабарламада.