16/04/2026
14–16 сәуір аралығында Марракеш қаласында (Марокко) ИКАО-ның енгізуді қолдау жөніндегіжаһандық симпозиумы (GISS-2026) өтуде. Бұл –кадрлық әлеуетті дамытуға және мемлекеттерге азаматтық авиация стандарттарын іске асыруда қолдау көрсетуге бағытталған негізгі халықаралық платформа. Симпозиумның тақырыбы «Өңірлік шешімдер, жаһандық артықшылықтар». Іс-шара әлемдік азаматтық авиацияны дамытудың түйінді мәселелерін талқылау үшін авиация саласының басшыларын, үкімет өкілдерін, халықаралық ұйымдар мен бизнес өкілдерін біріктірді. Қазақстандық делегацияны ҚР Көлік министрлігіАзаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева басқарды. «Бұл Симпозиум Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 2026-2050 жылдарға арналған Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарын іскеасырудың бастапқы нүктесі болсын. Барша үшін қауіпсіз, қорғалған және тұрақты әуе көлігін қамтамасыз ету – біздің мақсатымыз әрі ортақ жауапкершілігіміз», – деді симпозиумның ашылуында ИКАО Кеңесінің Президенті Тошиюки Онума. Симпозиум аясында ИКАО-ның Жаһандық елшілер бағдарламасы шеңберінде адам капиталын дамыту тақырыбына арналған жоғары деңгейдегііс-шарасы алғашқы рет өтті. Оған ИКАО Кеңесінің Президенті Тошиюки Онума, ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар, бағдарламаның жаһандық елшілері мен көшбасшылары, сондай-ақ авиациялық білім беру және кадрлар даярлау саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар қатысты. Бұл шарада ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ИКАО-ның Жаһандық елшілер бағдарламасының Елшісі ретінде де сөз сөйледі, ол осы лауазымға 2026 жылғы қаңтарда тағайындалған болатын. «ИКАО Елшісі болып тағайындалу бұл тек мәртебе ғана емес, сонымен бірге сіздердің иықтарыңызға жүктелетін үлкен жауапкершілік екенін атап өту маңызды. Бұл бізден күтілетін ең жоғары стандарттарды ұсыну және енгізу бойынша ИКАО-да бәріміз бөлісетін ортақ жауапкершілік», –деді ИКАО Бас хатшысы. Қазақстанның мұндай деңгейде қатысуы авиация мамандарын дамытудың халықаралық күнтәртібін ілгерілетудегі және жаһандықынтымақтастықты нығайтудағы елдің рөлі артыпкеле жатқанын айғақтайды. Кездесу барысында ИКАО-ның кадрлар даярлау саласындағы басым бағыттары, соның ішінде Авиация мамандарының келесі буыны (NGAP) бағдарламасы, Жаһандық авиациялық білім беру бағдарламасы (GAEP), сондай-ақавиациядағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі бастамалар таныстырылды. Талқылау аясында Қазақстан адам капиталын дамыту бойынша өз тәсілдерін, соның ішінде гендерлік теңдікті қолдау, жастарды тарту жәнеавиациялық мамандықтарды дәріптеу шараларынұсынды. Саланың тұрақты кадрлық әлеуетін қалыптастыруға бағытталған бастамаларды іске асырудағы елдің практикалық тәжірибесі атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық іс-қимылды күшейтудің, ақпараттық-ағартушылық бастамаларды кеңейтудің және ИКАО-ның жаһандық бағдарламаларын іске асыру тиімділігін арттырудың практикалық тәсілдерін әзірледі.