Кіру

Басты бет
Халықаралық әуежайларда «Best Airport Service» жобасының 2025 жылғы нәтижесі жарияланды

10/03/2026

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен «Best Airport Service» жобасының 2025 жылғы қорытындысын шығарды.

Бұл жоба әуежайларда жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға, қызмет көрсету ережелерін біріздендіруге және клиентке бағытталған мәдениетті дамытуға арналған.

«Best Airport Service» жобасы – жолаушылардың тікелей кері байланысына негізделген қызмет көрсету сапасын тәуелсіз бағалау бағдарламасы болып табылады. Жоба аясында жолаушылар әуежай терминалдарындағы QR-кодты сканерлеп, қызмет көрсету сапасы туралы пікір қалдыра алады. Сонымен қатар әуежай қызметкерлері үшін арнайы оқу семинарлары өткізіледі.

2025 жылы жоба Ақтөбе, Қостанай және Орал халықаралық әуежайларында іске қосылды. Жыл қорытындысы бойынша бұл әуежайларда қызмет көрсету сапасы жақсарғаны байқалды. Бұл қабылданған шаралардың тиімді болғанын және қызметкерлердің белсенді жұмысын көрсетеді.

Бағалау нәтижесінде жолаушыларға қызмет көрсету, тексеру, шекаралық және кеден қызметтерінде жұмыс істейтін 32 қызметкер алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ, Air Astana, SCAT Airlines, Pegasus Airlines, Turkish Airlines және VietJet Qazaqstan әуекомпанияларының қолдауымен 13 қызметкерге ішкі және халықаралық рейстерге әуе билеттері берілді.

Жобаның нәтижелері оның тиімді екенін көрсетті. Жолаушылардың тікелей пікір айтуы қызмет көрсету сапасын арттыруға, қызметкерлердің жауапкершілігін күшейтуге және аймақтық әуежайлардың жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, «Best Airport Service» жобасы Қазақстан әуежайларының бәсекеге қабілетін арттырып, жолаушылар сенімін күшейтіп, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсету жүйесін дамытуға ықпал етеді.

Жоба 2026 жылы да жалғасады және еліміздің басқа да әуежайларын қамтитын болады. Жолаушылар қызмет сапасын бағалау үшін терминалдағы QR-кодты сканерлесе жеткілікті. Бұл жүйе қызмет сапасын тұрақты бақылауға және қажет шешімдерді дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.