Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
Басты бет
FlyDubai Қазақстан мен БАӘ арасында жүк рейстерін іске қосады

16/09/2026

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті авиациялық хабтарды дамыту және халықаралық әуе қатынасын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
2026 жылғы 2 қазаннан бастап FlyDubai әуе компаниясы Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша жүк рейстерін орындауды жоспарлап отыр.
Рейстер Boeing 737 әуе кемелерімен аптасына бір рет орындалады. Олар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында импорттық және экспорттық жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Жүк рейстерінің іске қосылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтіп, қазақстандық бизнес үшін қосымша логистикалық мүмкіндіктер қалыптастырады.
Жүк авиациясын дамыту – Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін нығайтудың, транзиттік тартымдылығын арттырудың және елдегі авиациялық хабтарды одан әрі қалыптастырудың басым бағыттарының бірі.