08/03/2026
Светлана Ерошина – АҚ «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» әуеайлақтар және Жерде қызмет көрсету департамент директоры
Светлана авиация саласындағы еңбек жолын 2008 жылы Қарағанды әуежайының ұшу қауіпсіздігі инспекциясында бастады. Бұл қызмет оған ірі әуе кемелерінің, соның ішінде Boeing 747 ұшақтарының, аңызға айналған Мрия - Антонов 225 әуе кемесінің, сондай-ақ әскери жойғыштардың ұшу-қонуын бақылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар ол Роскосмос ғарышкерлері мен NASA астронавттарын іздеу бойынша ғарыш бағдарламасының эвакуациялық ұшуларына куә болды. Светлана Қазақстанның тәуелсіздігіненкейін салынған Түркістан халықаралық әуежайынсертификаттау жұмыстарына қатысты. 2026 жылы оған «Құрметті авиатор» атағы берілді.
Қымбат Артықбай – Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы
Ол Азаматтық авиация академиясын авиадиспетчер мамандығы бойынша бітірген. Осы салада екі жыл еңбек етіп, кәсіби тәжірибе жинақтады. 2018 жылы Air Astana әуе компаниясының ұшқыштарды даярлауға арналған Ab-initio бағдарламасын сәтті аяқтады. Алғашқы рейсін Астана–Алматы бағыты бойынша орындады. Қызмет барысында ең ұзақ рейсі Алматы–Лондон бағытымен (9 сағат 11 минут), ал ең қысқа рейсі Бішкек бағытында (24 минут) өтті.
Ақерке Шопатаева, «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының ұшқышы
Азаматтық авиация академиясын бітіргеннен кейін тікұшақ ұшқышы ретінде 17 жылдан астам жұмыс істейді. Құтқарушы ұшқыш ретінде Абай облысында болған өртті суақыт өндіруге және зардап шеккендерді эвакуациялауға белсене қатысты. Ақерке төрт балалы ана, сондай-ақ ол жұмыста тапсырманы орындауда алдына жан салмайды. Ақерке сәтті ұшу үшін ыждағатты көңіл бөлу, мұқияттылық пен жүйелі әрекеттер керек деп есептейді.
Ұшқыш Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Жанайым Әділ – Air Astana әуе компаниясының авиамеханигі
Жанайым – Азаматтық авиация академиясының үш дипломының иегері, сонымен қатар техникалық ғылымдар магистрі дәрежесі бар. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің еуропалық EASA Part-66 сертификатына және B1 санатындағы лицензияға ие. Авиация саласын таңдауына атасы, инженер Талғат Лайықовтың үлгісі әсер еткен. Оқуын бастар алдында аэрофобиясы болған екен, алайда экипажбен алғаш рет ұшқаннан кейін бұл қорқынышын жеңе білді.
Шолпан Хусинова – АҚ «SunAir» әуе компаниясының бортсерігі
Еңбек жолын 1990 жылы Гурьев біріккен авиаотрядының бортсерігі ретінде бастады. Сол жылы оған азаматтық авиацияның 2-классты маман атағы берілді. 2000 жылы Ресей Федерациясының Ульяновск қаласындағы азаматтық авиация жоғары училищесінде бортсерік-нұсқаушыларыныңбастапқы даярлау курсын тәмамдады. Сол жылы «ҚазЭйр Уэст» АҚ бортсеріктер қызметінің бастығы болып тағайындалды. 2007 жылы азаматтық авиацияның 1-классты маманы атағын алды. Ол бортсеріктердің бірнеше буынын даярлап, кәсіби мамандардың қалыптасуына үлес қосты. Мәскеу қаласындағы Жоғары бортсеріктер мектебінің сертификат иегері.
Салтанат Аралбаева – АҚ «Ақтау халықаралық әуежайы» өндірістік-диспетчерлік қызметінің басшысы
Еңбек жолын 2010 жылы әуежайдың ақпараттық-анықтамалық бюросында диктор болып бастаған. 2011 жылы өндірістік-диспетчерлік қызметтің операторы лауазымына ауыстырылып, бұл қызметте жеті жыл еңбек етіп, 2018 жылы бөлім басшысы болып тағайындалды. Бұлтәжірибесі оған әуе кемелеріне жерүсті қызмет көрсетуді ұйымдастыру жұмысында үлкен көмек болды.
2018 жылы Ақтауда өткен халықаралық саммитті ұйымдастыруға қатысты және әуе апаты кезінде құтқару шараларына атсалысты. Облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.