20/01/2026
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының оқу орталығы базасында АҚШ Елшілігінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) қолдауымен және АҚШ Көлік әкімшілігімен (TSA) серіктестікте авиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың саналы мінез-құлқы мен инсайдерлік тәуекелдерді басқару мәселелеріне арналған семинар өткізілді. Іс-шара мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға, сондай-ақ азаматтық авиация қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін ішкі тәуекелдерді қоса алғанда, қатерлерді анықтау, бағалау және төмендету бойынша тәжірибені енгізуге бағытталды. Семинарға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, елдің ірі әуежайларының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара академиясы өкілдері қатысты. Қатысушылар қатерлерді талдаудың заманауи әдістерін, тәуекелдерді бағалау құралдарын және персоналдың саналы мінез-құлқын инциденттердің алдын алудың шарасы ретінде қолдану тәжірибелерін қарастырды. Сонымен қатар әуе жүктерінің қауіпсіздігіне анықталған тәуекелдердің салдарын азайту және кешенді әрекет ету жоспарларын әзірлеуге ерекше назар аударылды. Оқыту АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) оқу орталығының нұсқаушыларының жетекшілігімен жүргізілді. Семинар Қазақстанда халықаралық тәжірибені және TSA-ның үздік практикаларын ұлттық авиациялық қауіпсіздік жүйесіне бейімдеуге бағытталған осындай форматтағы алғашқы бастама болды. Семинардың өткізілуі авиациялық қауіпсіздік саласында кадрлық әлеуетті дамытудың және тәуекелдерді басқаруда жүйелі тәсілді қолданудың маңыздылығын растады. Алдағы уақытта АҚШ-қа тікелей рейстер ашу жоспарларын ескере отыра, ынтымақтастықты жалғастыру және авиациялық қауіпсіздік деңгейін тұрақты түрде арттыруға, сондай-ақ саладағы кәсіби стандарттарды нығайтуға бағытталған бірқатар оқыту іс-шараларын іске асыру жоспарлануда.