Кіру

Басты бет
Астана қаласының әуежайында алғаш рет фотометриялық зертхана қолданылды

20/04/2026

Астана халықаралық әуежайында әуеайлақтардың жарық-сигналдық жабдығын жерүсті тексеруге арналған фотометриялық зертхананың алғашқы сынақтық қолданылуы өткізілді. Бұл іс-шара Қазақстанның әуеайлақтарындағы жарық-сигналдық жүйелерді бақылау рәсімдері мен техникалық деңгейін арттырудағы маңызды кезең болды.

Сынақтарға еліміздің 20 әуежайының электротехникалық және инженерлік қызметтерінің өкілдері қатысты. Олардың міндеттеріне жарық-сигналдық жабдықтың техникалық қызмет көрсетуі мен пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ фотометриялық өлшеулер жүргізу және белгіленген нормаларға сәйкестігін растау кіреді.

Іс-шара барысында қатысушыларға фотометриялық зертхана көмегімен далалық өлшеулер жүргізу тәртібі көрсетілді. Атап айтқанда, жұмыс істеп тұрған әуеайлақ жағдайында әуеайлақ оттарының жарық күші мен жарық ағынының кеңістікте таралуын өлшеу, сондай-ақ жарық-сигналдық жабдықтың ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау жүргізілді. Сонымен қатар қатысушылар тәжірибе алмасып, ұшуларды электрлік жарық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әсіресе көріну төмен метеорологиялық жағдайларда және түнгі операцияларды орындау кезінде дәл фотометриялық өлшеулердің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Фотометриялық зертхананы енгізу Қазақстан әуеайлақтарындағы жарық-сигналдық жүйелердің сенімділігі мен біркелкілігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ұшу қауіпсіздігін арттыруға және ұлттық тәжірибені азаматтық авиацияның халықаралық талаптарына сәйкестендіруге ықпал етеді.

Сынақтар «SKYMAX TECHNOLOGIES» компаниялар тобы ЖШС-нің қатысуымен, сондай-ақ италиялық «ARGOS» жабдық өндірушісінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қолдауымен өткізілді.

Аталған іс-шара техникалық қадағалауды жетілдіру, әуеайлақ инфрақұрылымын дамыту және әуеайлақ пайдаланушыларының сертификаттау және пайдалану талаптарын сақтауын қолдау бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.